«Арыс қаласының білім бөлімі» ММҚ «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ДОИЖО К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 2024 жылғы 25 қараша күні 5 «А» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Имамбердиева Гүлжан Эркиновна ашық сабақ өткізді.
Тақырыбы: Мой друг
Оқу мақсаты:
5.1.3.1 – фольклор және әдебиет шығармаларының мазмұнын түсіну, таныс лексикалық және грамматикалық бірліктерді пайдаланып тақырыпты анықтау.
5.4.6.1 – сөздердегі Ъ және Ь әріптерін дұрыс жазу.
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын сұрады. Ъ және Ь белгілері арқылы карточкалармен екі топқа бөлінді.
«Т СХЕМА» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрады.
«Потерянные слова» стратегиясы арқылы тақырыпты ашып, слайд арқылы Ольга Чекашованың өлеңін оқып берді.
Оқушылардың ойын қозғау мақсатында топтық жұмыс ретінде «Кластер» әдісі ұсынылып, оқушылар тапсырманы орындады.
Саралау тапсырмалары берілді. Сонымен қатар, оқушылар жеке тапсырмалармен жұмыс жасады. «Закончи предложение» стратегиясы арқылы оқушылар сөйлемдерді аяқтады.
«Сәйкестендір және қазақ тіліне аудар» тапсырмасы арқылы балалар берілген тапсырманы орындап шықты.
Сабақ соңында «ДА» / «НЕТ» әдісімен оқушылар өз ойларын айтып жеткізді.
Сабақта әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім тарапынан оқушыларды бағалау дер кезінде жүргізіліп, кері байланыс берілді. Сабақ мақсатына жетті.