Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Язык-символ нации, language-symbol of nation" атты орыс тілі мен ағылшын тілі онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараның мақсаты:

  1. Тілдерді үйренуге қызықтыру. Қатысушыларды орыс және ағылшын тілдерін үйренуге ынталандыру, олардың маңыздылығын көрсету.
  2. Мәдениетті насихаттау. Екі тіл арқылы мәдениеттердің өзара байланысын және байлығын көрсету.
  3. Шығармашылық қабілеттерін ашу.
  4. Достықты нығайту. Әртүрлі ұлттардың бірлігін және өзара түсінігін нығайту.

Ашылу салтанатын орыс және ағылшын тілдерінде екі жүргізуші жүргізді. Іс-шарада орыс және ағылшын тілдерінде көрініс көрсетіліп, өлең шумақтары айтылып, ән шырқалып, ағылшын би нөмірлері көрсетілді. Сонымен қатар, залдағы оқушылармен заманауи құралдар арқылы LED-экраннан KAHOOT платформасымен тілдік деңгейлерін тексеру мақсатында кішігірім жарыс ұйымдастырылып, жүлделі орындарға сыйлықтар берілді.

Ойынның мақсаты: "Оқушыларды шет тілдерін үйренуге ынталандыру".

Іс-шараны оқушылар "Әрқашан күн сөнбесін" әнін орыс және ағылшын тілдерінде шырқап аяқтады.