"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Отбасы және бала тәрбиесі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында: қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Егер жалпы айтқанда зорлық-зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтаса, тұрмыстық зорлық-зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар екенін көрнекіліктер арқылы түсіндірді. Зорлық-зомбылықтың түрлерін түсіндіру жұмысы жүргізілді. "Баланың ішкі әлемі..." тренингі арқылы кері байланыс алынды.