«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес 10 «А» сынып жетекшісі Ж.Жораева 16.01.2025 ж күні «Отбасында зорлық - зомбылыққа жол жоқ» тақырыбымен сыныптан тыс тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.
Зорлық - зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.
Оның кепілі - заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы.
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - конституциялық заңдылықтың басты талабы.