"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДОІЖО: К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен "Тілден қымбат қазына жоқ" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті он күндігінде , 5 "Ә" сыныбына қазақ тілі пәнінен Шултаева Лаура ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.
Оқу мақсаты: 5.3.5.1.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу; 5.4.2.1. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын «Кір жайғыш» әдісі арқылы сұрады, «Досыңның туылған күніне тілек жаз» тақырыбында «ПОПС» формуласы арқылы өз ойларын жазған оқушылар үй жұмыстарын бір бірімен алмасып, топта талқылап, үздік жұмысты анықтап кір жайғышқа ілді. Оқушыларға тақырыпты болжату мақсатында суреттер көрсете отырып, жаңа сабақтың тақырыбын болжатты. Оқушылар «Қонақжайлылық белгісі» тақырыбында өлең жолдарын оқытып, өлең мазмұны бойынша өз ойларын айтты. Өлең мәтінінде қою қаріппен жазылған сөз тіркестеріндегі ықпал түрін анықтап, дәптермен жұмыс жасады. Қонақ күту дәстүрі туралы «Төрт сөйлем» әдісі арқылы топтық тапсырма берілді. Саралау тапсырмалары беріліп, оқушылар жеке тапсырмалармен жұмыс жасады. Сабақта әдіс тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім тарапынан, оқушылар тарапынан бағалау дер кезінде беріліп, оқушылар рефлексия билеті арқылы кері байланыс жүргізді. Сабақ « жақсы» деп бағаланды.