«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нің 9 сынып оқушылары арасында «Отбасындағы зорлық - зомбылықсыз Қазақстан!» акциясы мақсатында 2025 жылы 8 мамыр күні дөңгелек үстел өтті. Іс - шараға Арыс АПБ ЖПҚ Отбасылық - тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы күрес тобының ӘЗЗҚ инспекторы полиция лейтенанты Мырзахан Шайзанда, "Отбасын қолдау орталығы" КММ - нің психологы Төлебаева Клара Даниярқызы, ДТЖЖО М. Жандарбеков, мектептің педагог - психологы Ж. Спакешова қатысты. «Отбасындағы зорлық - зомбылықсыз Қазақстан» атты жобаның негізгі мақсаты - тұрмыстық зорлық - зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын алу жұмыстарында тиімді шараларды анықтау.