“Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Арыс АПБ ЖПҚ Отбасылық - тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қарсы күрес тобының ӘЗЗҚ инспекторы полиция лейтенанты Мырзахан Шайзанда мен "Отбасын қолдау орталығы" КММ - нің психологы Төлебаева Клара Даниярқызының қатысуымен 9 - 10 - 11 сынып оқушыларына «Отбасындағы зорлық - зомбылықсыз Қазақстан» атты жиын өтті. Жиынның мақсаты:тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу, қоғамда зорлық - зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Жастар - ел болашағын, мәдениетін, өзіндің орнын, әр азамат отбасындағы сыйластық, қауіпсіз қарым - қатынастың маңызды екенін түсінуі қажет.