«Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Бала және мәдениет» жобасы аясында «Бір кітап көрмесі» байқауына Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» шығармасы ұсынылған болатын. Өз кезегінде «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасы 9-10 сынып оқушыларына қала орталығында орналасқан «Sandug.art» балалар шығармашылық орталығының маманы Қуандық Сандуғашпен кездесу ұйымдастырды. Орталық маманы мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің өмірінен сыр шертетін шығарманы және оның авторы Санжар Керімбай туралы толығырақ таныстырып өтті.
Мақсаты:
- Егеменді еліміздің тарихы мен мәдениетін жаңғыртуға, ұлттық бай мұрамызды келешек ұрпаққа жеткізуге үлес қосқан тұлғаларымыздың бірі әрі бірегейі – көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі этнограф Өзбекәлі Жәнібектің өмір жолы мен еңбектерін кеңінен насихаттау;
- Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру;
- Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Мектеп кітапханашысы А. Пердебекова байқау ережесі бойынша оқушыларға мағлұмат беріп, сәттілік тіледі.