Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, "Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 "А" сынып жетекшісі Акимова Гүлмира "Рақмет саған, Әліппе!" атты ертеңгілік өткізді. 

Мақсаты: Оқушылардың әліппе пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген білімдерін, өнерлері мен іскерліктерін ата-аналарға көрсету. Білімге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын ояту. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ана тілін сүйіп қастерлеуге шақыру. 

Ұйымдастыру кезеңі. Мерекелік безендірулер. "Аяулы мектебім" әні баяу орындалып тұрады. Оқушылар ортаға қошеметпен шықты.

Ертеңгілік барысы: Әліппе оқулығына арналған өлең шумақтары оқылды. Жумадилла Аида орындауында "Оқып білім үйренеміз" әні шырқалды. Әліппе оқулығының құрметіне оқушылар жалпы би биледі. Тоқберген Айшолпан "Ұстазым" әнін орындады. Бір топ қыздардың орындауында "Парижге саяхат" биі биленді. Ата-әжелердің құрметіне Сайлаубек Асылай "Ата-әже" әнін шырқады. 

Ертеңгілік соңында оқушылар марапатталып, тәттілер үлестірілді.