Түркістан облысы, «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 24 қазан күні Республика күніне орай өзін-өзі басқару ұйымы мен тәлімгер Г. Мұхаеваның ұйымдастыруымен «Мәңгілік жаса, қыран елім, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтарды тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Қыздар би билеп, «Мен қазақпын» өлеңі орындалып, қазақ күйлері домбырада керемет орындалды.
Іс-шараны ДТЖЖО Қ. Исаев қорытындылап, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресі мен жетістіктерінің маңыздылығын тағы да атап өтті. Оқушыларды патриот болуға, елімізге үлес қосуға, білім алуға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге шақырды.