Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Арыс қаласының білім бөліміне қарасты “Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда ағымдағы жылдың 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының конституция күні мерекесі қарсаңында бірлесіп білім беру ұйымдарының басшылар мен қала және ауыл тұрғындары да қатысып «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілікке ерікті түрде атсалысты.
Сенбілікке шыққан кіші қызметкерлер мектеп ауласы және мектептің жанындағы көшелердің шөбін шауып, қоқыстардан тазалап, туған жеріміздің тазалығына өз үлестерін қосып, атсалысты.
Тазалық – біз үшін басты құндылық.
Тазалық – біз бен Сізден басталады!