Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері Г. Алтаева мен Ж. Сабденова «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы аясында тәрбиеленушілермен «Өрт - тілсіз жау» тақырыбында әңгіме сағатын жүргізді.
Мақсаты: өрт қауіпсіздігі кезінде балалардың сақтық шараларын сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіз мінез - құлық дағдыларына баулу.
Тәрбиеленушілер ғимараттағы өрт сөндіру құралдарымен, өрт сөндіруші, құтқарушы мамандығы, өрттің шығу себептері, өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, бейнебаяндар көрді.