#Тілдеркүні
#Біртұтастәрбие
”Арыс қалалық білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты “Арыс жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Шултаева Лаура мен Құрашова Ботакөз апайлардың ұйымдастыруымен “Қалың елім,қазағым, қайран жұртым” тақырыбында Абай өлеңдерін жатқа айту сайысы өткізілді.
Сайысқа 6-7 сынып оқушылары қатыстырылды.
Сайыстың нәтижесінде І орынды Абайдың 120 өлеңін жатқа айтқан 6”А” сынып оқушысы Көмекбай Аяла қанжығасына байлады.
Абай өлеңдерін жатқа оқудың мақсаты көп қырлы және маңызды:
Абай өлеңдерін жатқа оқудың мақсаты: Тәрбиелік мәні: Абай өлеңдері адамның ішкі дүниесін тәрбиелеуге, ізгілікке, адамгершілікке, әділеттілікке шақырады. Өлеңдерді жатқа оқу арқылы адам рухани байып, оның құндылықтары қалыптасады.
Абай шығармалары қазақ тілінің тереңдігін, байлығын көрсетеді. Өлеңдерді жатқа айту арқылы адам өз сөздік қорын кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін дамытады.
Абай өлеңдерін жатқа оқу адамның рухани дамуына, тілдік және мәдени деңгейінің өсуіне ықпал етеді.