“Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында "балаларға ерте табыс табуды үйрету, олардың болашағы үшін маңызды" тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 2025 жылы 7 ақпан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектептің "Өзін - өзі басқару" ұйымы Мектеп парламенті "ДЕБАТ" фракциясы мүшелері, ұйымдастырушы педагогтер Қ Құлжабаева, А Нартаева, аға тәлімгер Г Мусаеваның ұйымдастыруымен "Балаларға ерте табыс табуды үйрету, олардың болашағы үшін маңызды" тақырыбында пікір сайыс өткізілді.
Мақсаты: тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы ой - өрісті дамыту, жан - жақты ойлау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сыйластыққа, достыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сайыста "Үкімет" және "Оппозиция" тобының спикерлері өз позицияларына сәйкес ойын көрсетті.
"Балаларға ерте табыс табуды үйрету, олардың болашағы үшін маңызды" тақырыбы бойынша екі топ спикерлері өз ойларын жан - жақты талқылап жеткізе білді. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, ұтымды ойлар айта білді.
Пікір сайыста фракциялар өз дәрежесінде ойын көрсетіп мақсатына жетті.