"Ұшқыр ой мен шешен тіл" сайысы өтті
Арыс қаласының "Білім бөлімі" ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 қаңтар мен - 20 ақпан аралығында бастауыш сынып пәндерінің "Бастауыш - білім бастауы" тақырыбындағы айлық жоспары бойынша 06.02.2025.күні мектепалды даярлық сыныптың жетекшілері Н Адахам, Ж Сабденова, Г Алтаева МАДС арасында сыныптан тыс интеллектуалды сайыс өтті. Тақырыбы: "Ұшқыр ой мен шешен тіл!"
Мақсаты:
Оқушылардың білімін жан - жақты дамыту,, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.
Топта бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру. Сайыс 5 - кезеңнен тұрды:
1."Жедел жауап бер" 2."Кім зерек". 3."Ойлан - тап". 4."Жасырын жауап". 5."Құрастыру техникасы" 1 - кезең бойынша әр топқа қойылған сұраққа жауап берді. 2 - кезең бойынша интерактивті тақтадан берілген суреттерден әр топ айырмашылықтарын тауып жауап берді. 3 - кезең бойынша "Word wold"жасанды платформа арқылы берілген ұяшықтардың сұрақтарына жауап берді.
4 - кезең бойынша әр топқа математика, сауат ашу пәндері бойынша берілген тапсырманы орындады.
5 - кезең бойынша әр топқа берілген құрастырмалардан белгілі бір бейнені шығару тапсырылды және құрастырған бейнелерін әр топ қорғап шықты. Нәтижесінде:
I орын "Болашақ" тобы
II орын "Тапқырлар" тобы
III орын "Бәйтерек" тобы иеленді. Жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды.