Түркістан облысы, "Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23.12.2024 жылы мектебімізде спорттық жетістіктермен көзге түскен оқушыларымызды марапаттау рәсімі өтті.
Мақсаты: мектеп оқушыларының спортқа деген қызығушылығын арттыру, оларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және жетістікке жеткен спортшыларды қолдап, құрмет көрсету. Спорттық жетістіктері арқылы мектептің абыройын көтерген оқушыларды мақтан тұтып, олардың табысты еңбегін бағалау.
Оқушыларымыз өз күш-жігерінің арқасында түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің намысын абыроймен қорғады. Бұл марапат олардың табанды еңбектерін құрметтеу ғана емес, сонымен қатар, болашақта да биік шыңдарды бағындыруға деген ынталарын арттыруға арналған. Жеңісті күндеріңіз көп болсын, мектептің мақтаныштары!
#біртұтас_тәрбие