Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20.01 - 20.02.2025 жыл аралығында "Бастауыш - білім бастауы" тақырыбы аясында, бастауыш сынып пәндері айлығының жоспары бойынша 29.01.2025 күні Избасарова Айжан 2 "А" сыныбына қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: "Түбір және қосымша "
Сабақтың мақсаты: 2.1.4.1. тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
2.4.2.1. мұғалімнің көмегімен түбір және қосымшаны ажырату.
Психологиялық ахуал қалыптастырды. Оқушылар үш топқа бірікті. Өткен сабақты "Сұрақ - жауап" әдісі арқылы бекітті.
Сабақта оқылым, тыңдалым, жазылым дағдылары жүргізіліп отырды. Топтық жұмыс жүргізілді. Оқушылардың деңгейіне қарай саралау тапсырмасы орындалды. Сабақты "Baamboozle" әдісі арқылы қорытындылады. Сабақты ұлттық құндылықтармен байланыстыра отырып ою арқылы бағалады. "Gynzy" платформасындағы "Бағдаршам" әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Сабақ мақсатына жетті.