Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар өте жоғары белсенділік танытты. Жан-жақты өз өнерлерін көрсете білді. Соңында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жандарбеков Мұхит сөз алып, оқушыларды мақтап, мадақтап алған әсерімен бөлісе отырып, алғысын білдірді.