Арыс қаласының білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ - де 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында бастауыш сынып пәндерінің"Бастауыш - білім бастауы" тақырыбындағы айлық жоспары бойынша 07.02.2025 күні бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Алтынай Лесбаевна 1 "Б" сыныбымен дүниетану пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.
Сабақтың мақсаты: 1.3.5.2 - тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу.
Үй тапсырмасын "World wall "жасанды интелектті пайдалана отырып бекітті. Жаңа сабақты "Болжау" әдісімен ашты. Оқушылар сабақтың тақырыбын болжап, әңгімеледі. Жұптық жұмысты "Тәуелсіз Қазақстан" елінің негізгі белгілерін кластер құру арқылы жазып көрсетті. Жеке жұмыспен "Сәйкестендіру" сызбасын орындады. Оқушыларды асық жинау арқылы бағалап отырды. Сабақты
"Алтын көмбе" әдісі арқылы бекітті. Оқушылар сабаққа жақсы қатысып ойларын, ашық жеткізіп отырды. Асық таңдау арқылы кері байланыс алынды. Сабақ жоспары жүйелі жасалған. Сабақ өз деңгейінде өтілді.