Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының "Білім бөлімі " ММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы А. Мухаеваның ұйымдастыруымен "Тарих - ғасырлар куәсі, "Жаратылыстану - ғажайыптар әлемі" тақырыбында Тарих, география, биология, химия пәндерінің онкүндігі барысында 22. 04. 2025 күні Жораева Ж. Курманалиева К. Мәмбет М. Сапарбаева Б. 8 сыныптар арасында сайыс сабақ өтті.

Тақырыбы: "Тримерлену"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пәндерге қызықтыру, өзара сыйластықты қалыптастыру.

1 топ Ген мен молекула

2 топ Алғырлар

3 топ Дарындар

Сайыс сабақ 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең география пәні бойынша "Қызық екен" әдісі арқылы ұяшықтар таңдап сұрақтар сұрады . Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланды. Суреттер көрсетіп, қосымша мәліметтер бере білді.

2 кезең химия пәні бойынша "Домино" әдісі арқылы қима қағаздар берілді. 16 сұрақ 3 топқа да бірдей берілді. Алғаш және дұрыс орындаған оқушыларға жоғары ұпай қойылды. 10 - 30 ұпай аралығы.

3 кезең биология пәні бойынша "Wordwall" әдісі бойынша кім жылдам орындап, тез жауап беру болды. Әр сұрақ 10 ұпайдан бағаланды .

4 кезең биология пәні бойынша "Жұмбақтар сөйлейді" әдісі болды. Ауызша жұмбақтар жасырылды. Әр жұмбақ 10 баллмен есептелінді.

Сайыс сабақ өте қызықты, әрі тартысты болды. 8 "Б" сынып оқушыларынан құралған Дарындылар тобы 1 орын иеленді. Сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды. Сабақ мақсатына жетті.