#педагогикалықшеберхана
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен 24 ақпан мен 07 наурыз аралығында "Тарих - ғасырлар куәсі Жаратылыстану - ғажайыптар әлемі" атты тарих, география, құқық биология, химия пәндерінің апталығы бойынша 27.02.2025ж күні тарих пәнінің мұғалімі Кучкарбекова Жанар Хабибуллақызы 8 "А" сынып оқушылары мен ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы : "XX ғасырдың 20 - 30 жылдарындағы білім мен ғылым жүйесі"
Мақсаты:
Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау; XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау.
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында үй тапсырмасын "Learning Apps" платформасы арқылы сұрап,жаңа сабақты Абай Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып мазмұнын талдады. Оқушыларға бейнематериал көрсете отырып топтық тапсырмалар орындатты. Әр топ постерлерін қорғап бір - бірлерін бағалады.
2 - тапсырманы жұптаса отырып кестені толтырды. Жұмыстарын өзара тексеріп бағалады. Мұғалім тақырып бойынша өзекті сұрақтар қойып жауап алып отырды. Сабақтың соңында "SWOT" талдау жасап, оқушылар "TiK tok" почта арқылы өз ой пікірлерімен кері байланыс орнатты. Сабақ өз мақсатына жетті.