Түркістан облысы, «Арыс қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – бар қазақтың орындалған арманы!» тақырыбында іс-шара жоспары бойынша ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай бұрыш ұйымдастырылды.
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білімдерін тереңдету.