Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, «Арыс қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – бар қазақтың орындалған арманы!» тақырыбындағы іс-шара жоспары бойынша «Тәуелсіздік – бар қазақтың орындалған арманы!» мерекелік әдеби-музыкалық концерттік бағдарлама өтті.
Сонымен қатар, әр сыныпта ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай бұрыш ұйымдастырылды.

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білімдерін тереңдету. Тәуелсіздікті аңсаған ата-бабамыздың арманы орындалып, осыған жету үшін қаншама қиын жолдардан өткенін ұғындыру. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Жоспары:

  1. Әнұран
  2. Мектеп әкімшілігінің құттықтау сөзі
  3. Ән. Жақсыбек Мадина – «Қазақстан Отаным»
  4. Күй. «Көксерек»
  5. Әдеби монтаж
  6. Хор. «Тәуелсіздік»
  7. Көрініс. «Желтоқсан желі ызғарлы»
  8. Би. «Қамажай»

Тәуелсіздік – бар қазақтың орындалған арманы. Қазақ халқы жылдар бойы еркіндік жолында, ұлан-байтақ жері үшін, ата-бабадан келе жатқан ұлттық құндылықтарды сақтау үшін басынан небір зұлмат жылдарды өткізді. Өткен тарихымызды бүгінгі ұрпақтың жадында қалдыру біздің басты міндетіміз.

Жауапты: Бірлестік жетекшілері.