ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 33 ЖЫЛ
Арыс қаласының «Білім бөліміне» қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 33 жыл толуына орай жастардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылған мектебіміздің дене шынықтыру бірлестігі ұйымдастыруымен «Жеңісімізді тәуелсіздікке арнаймын» тақырыбында спорттық сайыстар өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға және мұғалімдерге патриоттық тәрбие беру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау.