«Таза Қазақстан» акциясы аясында Арыс қаласының “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кіші қызметкерлері жол картасының "Жасыл толқын" кезеңінде ағаштар мен бұталардың аумағын ретке келтіру, тазалау, шөп шабу мақсатымен ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Арыс - Шымкент тас жолы бойында сенбілік жұмыстарына қатысып, үлестерін қосуда.
Қала аумағын қоқыстардан тазалап, шөп шабу тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық – біз үшін басты құндылық.
Тазалық – біз бен Сізден басталады!
Туған жерімізді бірге түлетейік, бірге көркейтейік!