"Арыс қаласы Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.01.2025ж. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кіші қызметкерлердің ұйымдастыруымен мектеп сыртын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат:
Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Барша ауыл тұрғындары мен жерлестерімізді, игі бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарының ұйытқысы және жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз!
Тазалық - Біз бен Сізден басталады!