Түркістан облысының білім басқармасының "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 19 қазан күні санитарлық – тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетін бастамалардың бірі.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілікке ерікті түрде атсалысты.
Осы ретте барша қала, ауыл тұрғындарын игі шараға атсалысуға шақырамыз.
Мектеп ауласын, маңайын шөптен, қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Тазалық – біз үшін басты құндылық.
Тазалық – біз бен Сізден басталады!
Туған жерімізді бірге түлетейік, бірге көркейтейік!!!