«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
«Арыс қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектеп ауласына және мектептің сыртқы жағынан тазалық жұмыстары жүргізілді. Қураған шөптерден тазартылып, ағаш түптері ақталды.
Басты мақсат: Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
#Таза_Қазақстан