«Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДОІЖО К. Тұрегельдиеваның ұйымдастыруымен «Тілден қымбат қазына жоқ» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 8-сыныптар арасында «Тіл білгірі» атты сайыс сабақ өтті.
Сайыс сабағының мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, ой ұшқырлығын дамыту, өз ойын еркін жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс сабағы барысында оқушылар екі топқа бөлінді. Топтардың атаулары «Бәйтерек» және «Ақорда» деп аталды. Екі топтағы оқушылар өз білімдерін көрсетіп, сайысқа белсене қатысты.
Әр тапсырманың дұрыс жауабына 10 ұпай берілді.
Сайыс сабағы төрт кезеңнен тұрды:
1- кезең. «Мықты болсаң, тауып көр» (берілген сөздерден тұрақты сөз тіркесін құрау, мәнін ашу)
2- кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр» (берілген сөздерден мақал-мәтел құрау, мәнін ашу)
3- кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» (сүйікті ақын-жазушыларымыздың бір шумақ өлеңін оқу)
4- кезең. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында «5 минуттық эссе» жазу
Сайыс нәтижесінде 136 ұпаймен «Ақорда» тобы жеңіске жетті. Топтар мақтау қағазымен марапатталып, оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.