Наурызнама онкүндігі бойынша «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспары негізінде 2025 жылдың 17 наурыз күні 10 "А" сынып жетекшісі Жораева Жадыра «Наурызым-мерекем, наурызым-берекем!» тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: оқушыларды халықтық салт-дәстүрге баулу, Шығыс халықтарының жаңа жылы Наурыз мейрамымен, наурызда жасалатын қазақтың әдет-ғұрыптарымен таныстыру; Отанды сүюге, оның салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету.
Көрнекілігі: сурет, нақыл сөздер, интерактивтік тақта.
Наурыз мейрамына байланысты атаулар мен сөз тіркестері де өте көп. Мысалы: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Самарқанның көк тасы секілді салт- дәстүрлер барлығын сұрақ қою арқылы оқушылардан жауаптар алды.