Арыс қаласының "Білім бөлімі" ММ "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К. Турегельдиеваның ұйымдастыруымен "Тарих - ғасырлар куәсі,
"Жаратылыстану - ғажайыптар әлемі" тақырыбында Тарих, география, биология, химия пәндерінің онкүндігі барысында 25. 02. 2025ж күні Жораева Жадра 8 "Ә" сыныбында химия пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: "Заттардың суда ерігіштігі"
Сабақтың мақсаты: Оқушылар еріген зат пен ерітіндіні және еріткіш туралы зерттеп, оны есептерде, іс жүзінде қолдануды үйрету.
Үй тапсырмасын "Домино" әдісі арқылы сұрады. Жаңа сабақты суреттер сөйлейді әдісі арқылы суреттер көрсетіп, қосымша мәліметтер бере білді.
І тапсырма
Топтық жұмыс
"Жарнама" әдісі
3 топқа тапсырма беріледі.
1. Еріген зат
2. Еріткіш
3. Ерітінді туралы мәлімет беру.
Бұнда әр топтан 2 оқушы шығып қорғады.
ІІ тапсырма
Жұптық жұмыс. "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісімен жұптасып орындады.
ІІІ тапсырма. "Сыңарын тап" әдісі бойынша жеке жұмыс орындалды.
Мұнда оқушылар жеке-жеке жұмыс дәптеріне орындады. Сабақты
"5+5+1"әдісі бойынша сабақты қорытындылап ,оқушылардан кері байланыс алды. Үйге тапсырма: Еріген зат пен ерітінді дайындап, мәлімет жинау Сабақ мақсатына жетті.