Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы А. Пердебекова мен Г. Қаблашова мектеп кітапханасына келіп түскен жаңа көркем әдеби кітаптармен оқушыларды таныстырды. 

2-5 сынып оқушыларына ертегілер таныстырылды. Балалар ертегілерді жақсы көреді. Ертегі тілі бала ұғымына оңай, тілі жеңіл, қиялын дамытады, ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен қатар, дұрыс сөйлеуге дағдыландырады, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйретеді. 

7-10 сынып оқушыларына көркем әдебиеттер легі таныстырылды. Мақсаты: оқушыларды көркем әдебиетке баулу. Көркем әдебиетті оқу арқылы оқушының ой-өрісі дамып, сөздік қоры молаяды. Сөздік қоры мол баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі, көркем мінезді болмақ. Ел ертеңі білімді жастар десек, көркем әдебиетті көп оқып, тағылымды дүниені жанына сіңіре білген, жақсы мінезді де бойына жинаған бүгінгі жастар елдің ертеңі бола алады.