Арыс қалалық білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.12.2024 жылы математика пәнінің мұғалімі Рахматла Назеркенің 5 «Ә» сыныбымен математика пәнінен сабақ өтті. Тақырыбы: «Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу».
Мақсаты: 5.1.2.23 жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, жағымды ахуал қалыптастырды. «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушылар өзара сұрақ қойып, тақырыпты learningapps платформасын қолдана отырып талқылады. Үй тапсырмасын «Көршіңмен алмас» әдісімен тексерді. Жаңа сабақтың тақырыбын сөздердің мәнін оқушыларға аштыру арқылы тақырып пен мақсатты болжатты.
Жаңа сабақ өткен сабақты байланыстыра отырып ашылды. Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды топтық, жұптық жұмыс және саралау тапсырмаларын орындады. Сабақта «Айналмалы бекет», «Жұптас, бөліс» әдіс-тәсілдері тиімді қолданылды, саралау тапсырмалары «Wordwall» сайтында берілді. Жұптық тапсырма да «Wordwall» сайтында болды. Мұғалім сабақты еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырды. Сергіту сәтінде «Жаса Қазақстан» әніне би билеп, туды жоғары көтерді. Тақтамен жұмыс орындалды. Оқушылар бір-бірін топта бағалап, мұғалім әр тапсырмадан кейін дер кезінде бағалау жүргізіп, кері байланыс беріп отырды. Оқушылар өтілген сабаққа кері байланыс беріп, ұсыныстарын жазбаша жеткізді. Сабақ мақсатына жетті.