Арыс қалалық білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.12.2024 жылы математика пәнінің мұғалімі Рахматла Назерке 5 "Ә" сыныбымен математика пәнінен әдістемелік сабақ өткізді. Тақырыбы: «Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу».
Мақсаты: 5.1.2.23 жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, жағымды ахуал қалыптастырды. «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша оқушылар өзара сұрақ қойып, тақырыпты LearningApps платформасын қолдана отырып түсіндірді. Үй тапсырмасын «Көршіңмен алмас» әдісімен тексерді. Жаңа сабақтың тақырыбын сөздердің мәнін оқушыларға ашқызу арқылы тақырып пен мақсатты болжады.
Жаңа сабақ өткен сабақты байланыстыра отырып ашылды. Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды топтық және жұптық жұмыс, сондай-ақ саралау тапсырмалары ретінде орындады. Сабақта «Айналмалы бекет», «Жұптас, бөліс» әдістері тиімді қолданылды, ал саралау тапсырмалары Wordwall сайтында берілді. Жұптық тапсырма да осы сайтта орындалды. Мұғалім тәуелсіздік тақырыбын қозғап, оқушыларға ескерту жасады. Сергіту сәтінде «Жаса, Қазақстан!» әніне туды жоғары көтеріп биледі. Тақтамен жұмыс жүргізілді. Оқушылар бір-бірін топта бағалап, мұғалім әр тапсырмадан кейін бағалау жүргізіп, кері байланыс беріп отырды. Оқушылар өтілген сабаққа кері байланысты Classroom Screen платформасында орындады. Сабақ мақсатына жетті.