"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.12.2024 жылы, 16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында "Жас Қыран", "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, еліне, жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, еліміздің нағыз патриоты болуға, адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін ұландарды тәрбиелеу.
Жиын мектебіміздің директоры Ералы Рахматуллаұлы Кушкарбеков, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, желтоқсан ардагері Мирамкүл Мауленқызы Асирова, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ұлбосын Ниетханқызы Кадирова ұстаздарымыздың құттықтау сөздерімен басталды. Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары ұйымға қабылданып жатқан оқушыларға оқуда озат болуға сенім артып, галстуктерін тақты. "Жас Қыран" ұйымына — 70 оқушы, "Жас Ұлан" ұйымына — 66 оқушы қабылданды. Тәлімгер: Г. Мусаева.