"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас маманның жоспары негізінде жас маман мен тәлімгердің біріккен ашық сабағы өтті. Жас маман Лаура Шултаева және тәлімгері А.Ақын 5 "Ә" сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлідің "Қызыл кітап" өлеңі.
Мақсаты: әлеуметтік-тұрмыстық тақырыптарға байланысты диалог, монологтардағы көтерілген мәселені түсіндіру.
Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын "Кір жайғыш" әдісі арқылы сұрады. Синоним, антонимге жазып келген мысалдарды бір-бірімен алмасып, топта талқылап, үздік жұмысты анықтап, кір жайғышқа ілді. Оқушылардың ойын қозғау мақсатында "Ақиқат, жалған" әдісі арқылы өткен сабақты бекітті. Жаңа сабақты Қадыр Мырза Әлідің өлең жолдарымен ашты. Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды топтық және жеке жұмыс арқылы орындады. Сабақта әдіс-тәсілдер тиімді қолданып, кері байланыс жүргізілді. Сабақ мақсатына жетті.