"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас маманның жоспары негізінде, жас мамандарға көмек көрсету мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Акимова Гүльмира жас мамандармен "Шебер сынып" өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Білім алушылардың оқу сауаттылығын көтеру үшін сабақта оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері және тілдік пәндер бойынша мәтінмен жұмыс жасау".
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін, сөздік қорын, жылдам оқу қабілеттерін арттыру.
Ұйымдастыру кезеңі. Нейрожаттығуларын жасады. "Жарық" әдісі арқылы жас мамандар екі топқа біріктірілді. Жылдам оқу мен есте сақтау қабілетінің дамуының тығыз байланысы түсіндіріліп, арнайы жаттығулармен бөлісті.
1-жаттығу: "Бағдаршам". Бұл жаттығуда сөздер басқа түстермен жазылған. Мысалы, "күлгін" деп жазылған, бірақ жасыл түс болып тұр. (Бұл жаттығу баланың оң жақ миын дамытады.)
2-жаттығу: Екі қолмен сурет салу. (Екі мидың бірдей жұмыс істеуіне әсер етеді.)
3-жаттығу: "Ассоциация" әдісі. (Өлеңді сурет арқылы бейнелеу.)
4-жаттығу: Пішіндерден суреттер құрау. (Креативті дамыту.)
5-жаттығу: Мәтінді оңнан солға қарай оқу.
Сабақ соңында "Не естідім?, Не көрдім?, Не айттым?" кері байланыс жүргізілді. Жас мамандар сабаққа белсене қатысты. Сабақ мақсатына жетті.