Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас маманның жоспары негізінде, жас мамандарға көмек ретінде бастауыш сынып мұғалімі Тузелова Меруерт 4 "Б" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Таңғажайып ертегілер" бөліміндегі "Алтын сақа" ертегісі. 

Мақсаты: Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.

Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын "Орамал тастау" әдісімен үй жұмысына шолу жасады. Отбасындағы үлкендерден ойнаған ойындары туралы сұхбат алып, кесте түрінде жазып келген мысалдарды оқып, топта талқылады. 

Жаңа сабақты өткен сабақты байланыстыра отырып ашты. Оқушылар сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды топтық және жұптық жұмыс, сондай-ақ саралау тапсырмалары арқылы орындады. Сабақта "Математикалық фокус", "Белгі бер" әдіс-тәсілдері тиімді қолданып, кері байланыс жүргізілді. Оқушылар "Асығың алшысынан түссін" деген асықтарды жинау арқылы өз-өздерін бағалады. Сабақ мақсатына жетті.