Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөлімі ММ - не қарасты Арыс жалпы білім беретін мектебі КММ - де жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің, алдын алу мақсатында 15. 04. 2025 жылы білім алушыларға жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М Жандарбеков, ЖПҚ КТІЖ аға лейтенанты, мектеп инспекторы Ж. Таттыбеков қатысты. Мақсаты: оқушыларға құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Жиынды директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М. Жандарбеков ашып, әрқашан тәртіпке негізделетін қоғамда заң мен тәртіпке құрметпен қарап, жасөспірімдер арасында орын алатын келеңсіз жағдайлардың алдын алуға шақырды. Мектеп инспекторы Ж. Таттыбеков оқушыларға республика көлемінде кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқықбұзушылық, оқушылардың қатысуымен орын алған құқықбұзушылық, мектеп пен оның айналасына тыйым салынған, қауіпті заттарды әкелуге тыйым салынатынын, жалған хабарламалар мен суық қаруды алып жүрудің жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтіп, сонымен қатар кәмелет жасына толмағандардың электросамокаттар, мотовелосипед, скутер, мопед т. б. басқаруын болдырмау және де жол қауіпсіздігі бойынша ережелермен таныстыру мақсатында оқушыларға түсіндіріп кез - келген жағдайда құқықтық сауатты болуға шақырды. Кездесуде оқушылар өз құқықтары, құқықбұзушылыққа байланысты жаза түрлері туралы құнды мәліметтер алып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.