«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бекітілген жоспарға сәйкес, мектептің педагог - психологы Ж.Спакешова мен аға вожатый Г.Мусаева 6 «Б» сыныбымен 2025 жылдың 31 қаңтар күні «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі» тақырыбында сыныптан тыс тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау және намысқа тию жағдайларынының алдын алу, оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту, сынып ұжымын сыйластыққа, адамгершілікке, бір - біріне қолдау көрсете білуге шақыру.
Сынып сағаты барысында қазіргі таңдағы буллингтің алдын - алу мәселесі үлкен маңызға ие және көптеген себептерге байланысты кеңінен қамтуға лайық. Біріншіден, агрессивті мінез - құлықтың бұл түрі жасөспірімдердің психикасын терең жарақаттайды. Екіншіден, экономикалық тұрақсыздық, кедейлік, біздің күнделікті өміріміздегі агрессияның, стрестің көптігінен буллингтің жасөспірімдер арасында таралуы артып отырғандығы слайд, бейнебаян арқылы көрсетіліп, түсіндірілді.