"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде айлық жоспар негізінде, жас мамандарға көмек ретінде информатика пәні мұғалімі Суппаева Нагима мектеп мұғалімдеріне "Жасанды интеллект мүмкіндіктері" тақырыбында практикум өткізді.
Мақсаты: мұғалім жұмысының тиімділігін арттыратын, уақытын үнемдейтін жасанды интеллект құралдарымен таныстыру.
Практикум барысында ChatGPT, gamma.ai, virbo.ai, Adobe Firefly сияқты көмекші құралдармен таныстырды.
Сабақ жоспарын әзірлеу және тартымды презентация жасауға көмектесетін көмекші құралдарды практика жүзінде көрсетті. Практикум ұстаздарымызға пайдалы болды, жоба өз мақсатына жетті.