"Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «Б» сынып жетекшісі Мухаева Алтынай сынып оқушыларымен "9 - мамыр Жеңіс күніне" арналған «Желбірейді жеңіс туы» тақырыбында сыныпта ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру. "9 - мамыр Жеңіс күні" үлкен мейрам екенін ұғындыру. Батыр ата - апаларымыздың ерлігін түсіндіру. Білім алушылар "9 - Мамыр жеңіс күніне" байланысты өлең шумақтарын оқыды. "ВордВалл" әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Ұлы Отан соғысына байланысты қойылымдар көрсетті. "Катюша" билерін билеп, "Жеңіс туы" әнін хормен орындады.