Желтоқсан оқиғасының шындығы
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-11 сынып жетекшілері А. Қолдасова, А. Досжанова мен К. Курманалиева «Желтоқсан оқиғасының шындығы» атты тақырыбында оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.