«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - нің кітапхана меңгерушісі Аякөз Пердебекова мен 8 «Б» сынып жетекшісі Избасарова Динараның ұйымдастыруымен әдеби - сазды кеш өтті.
Мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Поэзия тынысын өзінше кеңейткен, қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, өзі айтқандай қазақтың қара өлеңін «шекпен жауып қайтарып», жаңа леп, жаңа үн қосқан Мұқағалидың тау тұлғасы мен оның сыры терең әндері мен өлмейтін өлеңдері оқушыларымыздың санасында сақталары сөзсіз