«Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы аясында және «Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі» тақырыбында 7 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сынып оқушыларымен, ата-аналармен жиналыс өтті.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі басты рөл - отбасы екенін түсіндіру. Ата-аналардың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру және тәрбие жайлы пікір алмасу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі туралы түсінік беру.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы және оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын жетілдіру мәселелерін қарастыру. Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты түсіну, өз-өзіне баға беруге тәрбиелеу және сенімді мінез-құлықты дамыту.
Сынып жетекшілері жиналысқа қатысушы ата-аналарды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырды. Жиналыс ата-аналармен психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы басталды. Әрі қарай оқушыларға және сынып жетекшілеріне «Баланың бас ұстазы ата-анасы» атты видео көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға сұрақтар қойылды.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында оқушылар мен ата-аналарға зорлық-зомбылық түрлері, зорлық-зомбылық кезінде қалай көмекке шақыру қажеттігі және басқа да мәселелер қаралды.
«Ұрпақтар теориясы» және мектеп оқушыларының негізгі құндылықтарын қалыптастыру тақырыбында ата-аналарға Z буыны өкілдерінің ерекшеліктері түсіндірілді. Соңында сергіту жаттығуы арқылы қорытындыланды.
Ата-аналарға отбасылық құндылықтар бойынша ситуациялық сұрақтар қойылып, олар жауап берді. «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқылып, тыңдалды. Ата-аналар арасында «Балаңызға деген сүйіспеншілік» ойыны өткізілді.
«Ашығын айтсам» аяқталмаған сөйлемдер әдісі арқылы ата-аналар кері байланыс берді.
Жиналыс соңында сынып жетекшілері ата-аналарға мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, сыныпта оқу-тәрбие жұмысының жақсаруына ықпал ету қажеттігін атап өтті. Үйде оқушылар тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу керектігін де ескертті.
Мектеп директоры Е. Кушкарбеков, ДОЖЖО М. Асирова және ДТЖЖО М. Жандарбеков сөз алып, ата-аналарға жоғарыда аталған мәселелер бойынша түсініктеме беріп, жиналысты қорытындылады.
Ата-аналар атынан Гүлжамал, Әлия, Гүлнар, Нұрбол, Жеңіс, Гүлзакира, Айгүл, Индира және басқа да ата-аналар сөз сөйлеп, сынып жетекшімен ата-аналар арасындағы байланыс бар екенін, тығыз байланыста екендерін, кешкі уақытта балалардың сыртқа шықпайтынын, оларға жауапты екендерін, отбасында ата-ана мен баланың рөлін білетіндерін айтты.