Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Сынып жетекшілері жиналысқа қатысушы ата-аналарды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырды. Жиналыс ата-аналармен психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы басталды. Әрі қарай оқушыларға және сынып жетекшілеріне «Баланың бас ұстазы ата-анасы» атты видео көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға сұрақтар қойылды.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында оқушылар мен ата-аналарға зорлық-зомбылық түрлері, зорлық-зомбылық кезінде қалай көмекке шақыру қажет және басқа да мәселелер қаралды.
«Ұрпақтар теориясы» және мектеп оқушыларының негізгі құндылықтарын қалыптастыру тақырыбында ата-аналарға Z буыны өкілдерінің ерекшелігін анықтап, түсіндірілді. Соңында сергіту жаттығуы арқылы қорытындыланды.
Ата-аналарға отбасылық құндылықтар бойынша ситуациялық сұрақтар қойылып, 10 ата-ана қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқылып, тыңдалды. Ата-аналар арасында «Балаңызға деген сүйіспеншілік» ойыны өткізілді.
«Ашығын айтсам» аяқталмаған сөйлемдер әдісі арқылы жиналысқа ата-аналар кері байланыс берді.
Жиналыс соңында сынып жетекшілері ата-аналарға мектеп пен ата-ана байланысын нығайтуға, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, сыныпта оқу-тәрбие жұмысының жақсаруын арттыру керек екенін атап өтті. Үйде оқушылар тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін де ескертті.
Мектеп директоры Е. Кушкарбеков, ДОЖЖО М. Асирова, ДТЖЖО М. Жандарбеков сөз алып, ата-аналарға жоғарыда аталған мәселелер бойынша түсіндіре келіп, жиналысты қорытындылады.
Ата-аналар атынан Гүлжамал, Әлия, Гүлнар, Нұрбол, Жеңіс, Гүлзакира, Айгүл, Индира және басқа да ата-аналар сөз сөйлеп, сынып жетекшімен ата-аналар арасында байланыс бар екенін, тығыз байланыста екенін, кешкі уақытта балалардың сыртқа шықпайтынын, ол туралы ата-ана жауапты екенін, отбасында ата-ананың және баланың рөлін білетінін айтты.