Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/arysschool.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Арыс жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мүшелерінің

2024 - 2025 оқу жылы, бірінші тоқсанындағы асхананың жұмысын сараптау мониторингі

АКТ

«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ 2025 жыл қыркүйек, қазан айы мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа алынды.

 Бракераждық комиссия

1) Е.Кушкарбеков- комиссия төрайымы

2) Ұ. Кадирова - комиссия төрайымының орынбасары

3) Ғ.Қалымбетова - мектеп медбикесі

4) Е.Шекеров - әлеуметтік педагог

5) Ата-аналар комиссия мүшесі -А.Исаханова

6) М. Ибадулаеев - касіподақ төрағасы

7) Е.Шарипбеков - Қамқоршылық кеңесінің төреағасы

Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:

Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.

Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:

«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ -сі мектептегі 785 оқушы білім алуда, ақысыз ыстық тамақпен 1-4 сыныпта 278 оқушы және әлеуметтік есепте тұратын 34 оқушы қамтылуда. Олардың күнделікті асханадан ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог Е.Шекеров қадағалайды.

Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс - аяқтардың тазалығы, азық -түлік сақтайтын қоймалар, жеміс - көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс - аяқ жуатын бөлмелер, азық - түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық -гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылуы оқушылардың жалпы санының - 312 құрайды.

Комиссия асхана жұмысын жан - жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.

Шешімі:

  1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
  2. Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
  3. Азық - түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
  4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде
  5. Аталған кемшілік жөнінде бас аспазшы А.Жанбосынова ескертіліп, дер кезінде жойылсын.

Ұсыныс:

1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан қадағалансын.

2.Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.